Воскресенье, 30 июня 2024 17:20

Қазақстанда тұқым қуалайтын ангионевроздық ісікті анықтау бағдарламасы іске қосылады

Оцените материал
(1 Голосовать)

«Такеда Қазақстан» компаниясы Takeda Pharmaceutical Company Limited компаниялар тобының бір бөлшегі ретінде қазақстандық науқастардың өміріне қауіп төндіретін әрі сирек кездесетін тұқым қуалайтын ангионевроздық ісік (ТҚАІ) ауруын зертханада анықтау мүмкіндігін кеңейтеді. Мұндай ісікті анықтау бағдарламасы ТҚАІ болуы мүмкін деген науқастарға уақытында дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік беру арқылы оларға қолдау көрсетеді.

Бағдарлама аясында қазақстандық науқастар ТҚАІ диагнозын нақтылау немесе жою үшін тегін зертханалық тексеруден өте алады. Ол үшін аллерголог-иммунолог дәрігер ТҚАІ бар деп күдік келтірген науқастарды тегін зертханалық тексеруге жібереді. Диагноз нақтыланған жағдайда науқастың отбасы мен жақын туыстарын тексеру де қолға алынуы мүмкін.

ТҚАІ бар деген күдік болса, дәрігер бағдарламаның «жедел желі» нөміріне хабарласып, науқасты тексерілуге жіберу үшін тиісті құжаттарды толтырады. Қан үлгісін алу және дайындау еліміздің 20 қаласында орналасқан INVITRO медицина мекемесінде жүзеге асады. Науқас анализ жасау алдындағы кезеңде өзіне жақын орналасқан INVITRO медицина мекемесіне баруы керек. Одан кейін биоматериал үлгісі температура режимін қатаң сақтай отырып, зерттеу мақсатымен халықаралық DUZEN (Түркия) зертханасына жіберіледі.

Бұл жоба Қазақстанда ТҚАІ ауруларын анықтау тиімділігін және деңгейін арттыруға бағытталғанын ерекше атап өткен жөн. Қолданыстағы алгоритмнің арқасында диагноз қою мерзімі қысқарады. ТҚАІ адам өміріне қауіп төндіретін ауру екенін ескерсек, диагнозды уақытында қоюдың маңызы зор.

– ТҚАІ сияқты сирек кездесетін ауруларға байланысты дәрігерлер мен науқастар кез болатын бірінші қиындық – диагноздың уақытында қойылмауы. Науқастар бірнеше жыл бойы диагнозы нақтыланбағандықтан тиісті емін ала алмауы мүмкін, бұл олардың өміріне орасан зор қауіп төндіреді. Ал ауру анықталған жағдайда, заманауи дәрі-дәрмектерді пайдалана отырып емдеу аурудың белгілерін жеңілдетіп қана қоймай, адам өмірін құтқаруға да мүмкіндік береді. Әңгіме ТҚАІ диагнозы қойылып, уақытында ем алғанның арқасында белсенді әрі толыққанды өмір сүріп, отбасын құрып, жұмысын істейтін науқастар туралы. Бағдарлама науқастардың ертеңгі күніне сенім сыйлап, аурудың асқынуынан сақтануға мүмкіндік береді. Ал жоба аясындағы тәжірибе алмасу мен ғылыми мәліметтерді біліп отыру денсаулық сақтау саласының мамандарына кәсіби қауымдастық ішінде бұл ауру туралы көбірек мәлімет білуге көмектеседі, бұл қысқа мерзім ішінде диагноз қоюда маңызды рөл ойнайды», – дейді Takeda компаниясының Қазақстандағы директоры Михаил Владимиров.

ТҚАІ – алғашқы иммун тапшылығы тобына жататын сирек кездесетін ауру. Орта есеппен 50 мың адамға шаққанда бір науқас кездеседі. Ауру тұқым қуалайтындықтан, бір отбасында немесе жақын туыстар арасында ТҚАІ диагнозы қойылған бірнеше науқас болуы мүмкін. Дәрігерлердің бағалауы бойынша, Қазақстанда 20 миллион халықтың ішінде 400-дей науқас болуы мүмкін, алайда диагнозы қойылып, есепте тұрғандар саны – 82 адам. Бұл 300-ге жуық қазақстандық науқастың ТҚАІ диагнозы анықталмағанын көрсетеді. ТҚАІ ауруы С1 ингибиторының саны азаюымен немесе қызметі бұзылуымен байланысты және әр жерде өсу үстіндегі терең ісіктің болуымен сипатталады. Ісік бірнеше сағаттан бастап, бірнеше күнге дейін сақталады. ТҚАІ кезіндегі ісіну көрінісі әдеттегі аллергияның белгілері сияқты, дегенмен бұл аурудың кезінде аллергияға қарсы дәрілер мен антигистаминдер көмектеспейді. Ауру уақытында анықталмаса, дәрігерлер мұндай ісік туралы кеңінен хабардар болмаса, бұл ТҚАІ бар науқастардың өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Ісіктің алдын алу және емдеу үшін тиісті ем алу қажет. Бұл ауру кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, дегенмен бірінші рет көп жағдайда туғаннан бастап 10 жасқа дейін белгілі болады.

ТҚАІ диагнозын анықтаудың төмен болуының себебі көбінесе бұл аурудың сан қырлы болып келуімен байланысты. Аурудың көрінісі әдеттегі аллергиялық ауытқуға ұқсайды, басқа да көптеген ауруға ұқсастығы көп, бұл көп жағдайда диагноздың кеш қойылуына және науқастар арасында өлім деңгейінің жоғары болуына алып келеді. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев университеті University Medical Center клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, иммунолог дәрігерлердің «Қазақ иммун тапшылығы қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ҚР ДСМ бас штаттан тыс аллергологы Елена Ковзельдің айтуынша, медицина қызметкерлері үшін ТҚАІ ауруын уақытында анықтап, нақты диагноз қоюдың маңызы әрқашан жоғары.

– Бұл аурудың клиникалық бейнесі әркелкі болуына және дәрігерлердің орфандық ауруларға қырағы қарамауына байланысты ТҚАІ ауруы бар науқастардың өлім қаупі арта түседі. Ең негізгі проблеманың бірі, жалпы практика дәрігерлері мен терапевт, гастроэнтеролог, хирург, ЛОР дәрігерлер, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері мен басқа да мамандардың ТҚАІ туралы жеткілікті хабардар болмауы. ТҚАІ белгілері сан қырлы және басқа көптеген аурудың көрінісіне ұқсас, сондықтан аурудың алғашқы белгілерінің байқалуы мен нақты диагноз қоюдың арасында 8 жылдан 20 жылға дейін уақыт өтуі мүмкін. Науқастардың 80%-ы диагнозы анықталмаған күйі қалады, ең басты қауіп те осы. Ауруы анықталмаған науқастар арасындағы өлім деңгейі 30% болса, уақытында диагноз қойылып, ем алғандар арасында бұл көрсеткіш 3% ғана. Қазіргі технологиялар ауруды уақытында анықтап, емді бастауға мүмкіндік береді, сондықтан бұл дәрігерлер қауымына ашық болуы өте маңызды», – дейді Елена Ковзель. 

ИНВИТРО туралы

ИНВИТРО – 1995 жылы құрылған, зертханалық диагностика және медициналық көмек көрсетуге маманданған жетекші жекеменшік медициналық компаниялар тобы. Негізгі артықшылығы – халықаралық сапа деңгейі, жоғары дәрежедегі қызмет және жоғары технологиялық инновация шешімдері, ал науқастардың денсаулығына қамқорлық – ИНВИТРО жұмысындағы негізгі басым бағыт. Компанияның медициналық кеңселері Шығыс Еуропадағы ең ірі желінің бірі (1900-ден астам), оның кеңселері 5 елде орналасқан, 7 ең соңғы үлгідегі зертхана кешені бар, онда күн сайын 1 000 000 зерттеу жүргізіледі. 

Takeda Pharmaceutical Company Limited компаниясы туралы

Takeda компаниясының қызметі адам денсаулығын жақсартуға және барша адамзатқа жарқын болашақ құруға бағытталған. Біздің мақсатымыз – негізгі терапия және бизнес бағытында емдеудің тиімді тәсілдерін табу және енгізу, соның ішінде асқазан-ішек жолының қабынуы, сирек аурулар, қан плазмасы негізінде емдеу, онкологиялық аурулар, неврология және вакцина жасау бағыттары бар. Серіктестерімізбен әріптесе отырып, науқастарды емдеу сапасын жақсартуға тырысамыз және қарқынды түрде әрі әртүрлі бағытта жасап жатқан дәрі-дәрмектеріміздің көмегімен емдеудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынамыз. Құндылықтарға арқа сүйейтін, зерттеу мен жасауға бағыт бұрған жетекші биофармацевтикалық компания ретінде науқастарға, адам мен қоршаған ортаға жақын болу қағидасын басшылыққа аламыз. Компанияның штаб-пәтері Жапонияда орналасқан. Шамамен 80 елде және аймақта жұмыс істейтін біздің компанияның қызметкерлері екі жүз жылдан аса уақыттан бері біздің қызметіміздің негізі болып отырған құндылықтарды басшылықққа алады. Толығырақ ақпаратты www.takeda.com сайтынан таба аласыздар.

Прочитано 1868 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.