Қазақстандық делегацияның сапары аясында «АстраЗенеканың» жаһандық басымдықтары, зерттеулер мен әзірлемелер (R&D) портфелі, сондай-ақ Қазақстанда жобалар мен технологияларды әкелу жоспарлары ұсынылды. Пациенттердің инновациялық терапияға қолжетімділігін жеделдету және клиникалық практиканың тиімділігін арттыру үшін цифрлық платформалардың әлеуетіне, жасанды интеллектті қолданатын диагностика жобаларына, деректер аналитикасына және ашық серіктестіктерге ерекше назар аударылды.
«АстраЗенека» командасы DISC орталығында жаңа молекулаларды ашудың идеядан пациентке дейінгі жолын көрсетті – бұл жол зертханалардағы бастапқы зерттеулер мен академиялық серіктестермен бірлескен жобалардан бастап, клиникалық орталықтардағы ауқымды сынақтар мен препараттарды нарыққа шығаруға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Делегацияға компанияның жаһандық инвестициялық стратегиясы және ғылымды, цифрлық технологияларды және әріптестікті біріктіретін ашық инновациялық экожүйені қалыптастыру қағидаттары ұсынылды.
Тараптар негізгі терапевтік бағыттар – онкология, респираторлық аурулар (соның ішінде созылмалы обструктивті өкпе ауруы), сондай-ақ жүрек-қан тамырлары, нефрологиялық және метаболикалық аурулар бойынша бірлескен бастамалардың әлеуетін атап өтті. Бұған қоса, цифрлық денсаулық сақтау мен деректерді басқару жобаларын жалғастыруға, қазақстандық орталықтардың халықаралық клиникалық зерттеулерге қатысуын кеңейтуге, халықаралық сапа стандарттарына сай технологиялар трансферіне және дәрігерлер мен реттеуші орган мамандарының құзыреттілігін арттыруға келісті.
Бауыржан Жүсіпов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы:
«Біз үшін жоғары сапа мен қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, пациенттердің инновациялық дәрі-дәрмектер мен цифрлық шешімдерге қолжетімділігін жеделдету маңызды. DISC орталығына жасалған сапар ғылымның, деректер мен серіктестіктің интеграциясы тиімді тәжірибелерді жылдамырақ енгізуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Біз Қазақстанда «АстраЗенекамен» бірлескен жобалардың – клиникалық зерттеулерден бастап, жергілікті өндірісті дамыту мен кадрлар даярлауға дейінгі зор әлеуетін көріп отырмыз».
Мария Шипулева, «АстраЗенеканың» Қазақстандағы бас директоры:
«Қазақстан – инновациялық әлеуеті жоғары және пациентке бағытталған шешімдерді енгізуге дайын, қарқынды дамып келе жатқан нарық. Біздің басымдығымыз – «АстраЗенеканың» жаһандық сараптамасын жергілікті мүмкіндіктермен ұштастыру: клиникалық зерттеулерді кеңейту, нақты деректерге (RWD) негізделген цифрлық бастамаларды қолдау және заманауи терапияға қолжетімділіктің тұрақты үлгілерін дамыту. Мұндай тәсіл пациенттерге неғұрлым тезірек пайда әкелуге және елдің денсаулық сақтау экожүйесін нығайтуға мүмкіндік береді».
DISC ғылыми-зерттеу және дамыту орталығы туралы
Discovery Center (DISC) – Кембридж биомедициналық кампусының қақ ортасында орналасқан заманауи жаһандық зерттеу және дамыту орталығы. Кембридж, әлемдегі ең қызықты биоғылыми орталықтарының бірі, Ұлыбританияның ең ірі ғылыми-зерттеу және дамыту орталығы DISC орналасқан. Мұнда 2000-нан астам ғалымдар біздің терапевтік салаларымызда дәрі-дәрмектерді табу және дамыту үшін жұмыс істейді, олардың әрқайсысы пациенттердің өмірін өзгертетін дәрі-дәрмектерді жеткізу миссиясында маңызды рөл атқарады. DISC ынтымақтастықты нығайтуға, ашықтықты ілгерілетуге және ғылымымыздың және іскерлік қызметіміздің барлық аспектілерінің тұрақтылығын арттыруға бірегей түрде жасалған.
«АстраЗенека» туралы
«АстраЗенека» – ең алдымен онкология, кардиология, нефрология және метаболикалық бұзылулар, респираторлық және аутоиммундық аурулар мен сирек кездесетін аурулардың терапевтік салаларында рецепт бойынша берілетін дәрілерді ашуға, дамытуға және коммерцияландыруға бағытталған жаһандық, инновациялық биофармацевтикалық компания. Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан «АстраЗенека» компаниясы 100-ден астам елде қызмет етеді және оның инновациялық дәрілерін бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады.