Қазақстанда мұндай диагноздармен өмір сүретін адамдардың саны жүздеген мыңды құрайды: халықтың шамамен 10-12%-ы, яғни 2 миллионға жуық адамға ҚБЖ диагнозы қойылған1, ал созылмалы жүрек жеткіліксіздігі 700 мыңнан астам пациентте бар2. Жарты миллионнан астам адам қант диабеті диагнозымен диспансерлік есепте тұр3. Препараттың жергілікті өндірісі терапияның қолжетімділігі мен сенімділігінің жаңа деңгейін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар жеткізу мерзімдерін қысқартып, науқастарды қажетті дәрілік заттармен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Одан басқа, бұл отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту жолындағы маңызды қадам. Жоба «АстраЗенека» компаниясының халықаралық тәжірибесі мен «Нобель Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ-ның өндірістік қуаттарын біріктіріп, озық технологиялар мен сапа стандарттарының енгізілуіне жол ашты. Бұл инвестициялар мен технология трансферінен бөлек, еліміздің кадрлық әлеуетін және өндірістік базасын күшейтуді де қамтиды.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап дапаглифлозин Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары үшін белгілі бір жағдайлары бар амбулаториялық-емханалық тегін және субсидияланатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне енгізілді. Бұл дәрілік қамтамасыз етудің тұрақтылығын жоғары деңгейде талап етеді, ал жергілікті.
Дереккөздер
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі / Ұлттық кардиология және терапия ғылыми орталығының бағалауы https://news.kaznmu.edu.kz/нефрологи-бьют-тревогу-каждый-10-й-каза
- https://mtrk.kz/ru/2025/05/30/khronicheskaya-serdechnaya-nedostatochnos/
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі https://www.kt.kz/rus/medicine/lechenie_diabeta_ostanetsya_dostupnym_dlya_vseh_kazahstantsev_1377980789.html