Четверг, 19 ноября 2020 17:15

Рецептімен босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 6 қарашадағы хаттамалық тапсырмасының 4-тармағын орындау үшін, сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес мынадай іс-шараларды өткізу қажеттігі туралы хабарлайды:

- медициналық ұйымдарда коронавирустық инфекцияны емдеу үшін рецептілік препараттарды жазып беруге бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

- бөлшек сауда желісінде дәрілік заттарды рецептімен босатуға бақылауды күшейту;

- дәрігердің рецепті және рецептісіз қабылдау бойынша дәрілік заттарды қабылдауды бақылау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;

- Тұрақтандыру қорларының қаражаты есебінен сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өңір шегінде бөлінуін бақылауды қамтамасыз ету;

- көтерме және бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуына, саны мен бағасына апта сайынғы мониторингті қамтамасыз ету;

- жіберілетін инфографиканы медициналық ұйымдарда және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу объектілерінде (дәріхана, дәріхана пункті) орналастыруды қамтамасыз етсін.

 Мерзімдердің тығыздығына байланысты, онкүндік сайынғы бірінші ақпаратты  2020 жылғы 19 қарашадан кешіктірмей ұсынуды сұраймыз.

Вице-министр                                                                            Е. Қиясов

ИНФОГРАФИКАЛЫҚ ЖҮКТЕУ.

Прочитано 2192 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.