Суббота, 25 июня 2016 09:45

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің 2016 жылғы 10 маусымдағы №232 БҰЙРЫҒЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Дәрілік затты қолдануды және өткізуді токтата тұруды алып тастау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулык сақтау және олеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысына тыйым салу, оларды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу қағидаларының 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Дәрілік заттың айналысын қайта бастау жолымен Pharmaceutical Works Adamed Pharma Joint Stock Company, Польша өндірген, 2015 жылғы 23 қазандағы  РК-ЛС-5№121743, РК-ЛС-5№121744, РК-ЛС-5№121745, РК-ЛС-5№121742 нөмірлерімен берілген 5 мг, 10 мг, 15 мг, 20 мг диспергирленген таблеткалар «Золафрен-свифт» дәрілік затының (бұдан әрі – дәрілік зат) тіркеу куәліктерін тоқтата тұру алынып тасталынсын.

2. Осы бұйрықты «Қазакстан Республикасы Денсаулык сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналык және фармацевтикалык қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі дәрілік затты тіркеу куәлігінің иесіне хабарласын.

3. Осы бұйрықты Қазакстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бакылау комитетінің аумақтык бөлімшелері бес күнтізбелік күн ішінде:

- облыстардың, Алматы және Астана қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларына, облыстардын, Алматы және Астана қалаларының Кедендік бақылау департаменттеріне, «СҚ-Фармация» ЖШС-қа;

- бұқаралық ақпарат құралдары және арнайы баспа басылымдары арқылы фармацевтикалық қызмет субъектілеріне хабарласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Фармацевтикалық инспекторат басқармасының басшысы Б.Б. Смағұловаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Алматы қ. апелляциялык сот алкасының қаулысы  мен ұйгарымы, 2016 жылғы 18 мамырдағы № 2а-3024/2016 іс.

Төрағаның міндетін атқарушы          Л.Пак

Прочитано 2627 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.