Среда, 29 марта 2017 06:42

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің 2017 жылғы 16 наурыздағы №56 БҰЙРЫҒЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Буфомикс Изихейлер, ингаляцияға арналған ұнтақ 160/4,5 мкг, 60 және 120 доза дәрілік затының медициналык қолдануын тоқтата тұру, сатуға тыйым салу және айналыстан алып қою туралы

Қазакстан Республикасы Денсаулык сактау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 акпандағы №106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттарға, медициналык максаттағы бұйымдар мен медициналык техникаға тыйым салу, оларды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу кағидаларының 2-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармактың 2) тармакшасына сәйкес, ел азаматтарының денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Буфомикс Изихейлер, ингаляцияға арналған ұнтақ 160/4,5 мкг, 60 и 120 доза, өндіруші Орион Корпорейшн, Финляндия, 2016 жылғы 2 маусымдағы №ҚР-ДЗ-5№022199, дәрілік затының медициналык қолдануын тоқтата тұрып, сатуға тыйым салынсын және айналыстан алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы каласы бойынша департаменті осы бұйрыкты алған күннен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде осы шешім туралы осы бұйрыктың 1-тармағында көрсетілген дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеуге өтініш берушілерге (тіркеу куәліктерінің иелеріне) жазбаша хабарласын.

3. Қазакстан Республикасы Денсаулык сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Комитеттің аумактык бөлімшелері):

1) осы бұйрыкты алған сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы бұйрыкты бұқаралык акпарат кұралдары мен арнайы баспа басылымдары арқылы облыстардың, республикалык маңыздағы қалалардың және астананың денсаулык сактауды мемлекеттік баскарудың жергілікті органдарына, дәрілік заттарды өндірушіге (оның Қазакстан Республикасының аумағындағы өкіліне), дистрибьюторларға, «СҚ-Фармация» ЖШС-не, сондай-ак медициналык және фармацевтикалык кызметтерді жүзеге асыратын субъектілерге, және кұзіреті бойынша баска да мемлекеттік ұйымдарға жеткізсін;

2) күнтізбелік он күн ішінде дәрілік заттың өнімі үлгілерін іріктеүдіжүзеге асырады, іріктелген өнім күнтізбелік үш күн ішінде сараптаманы (талдауды, сынауды)жүзеге асыру үшін дәрілік заттардың, медициналык максаттағы бүйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттіксараптама ұйымына жіберіледі;

3) осы бұйрыкты алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде осы бүйрыктың 1-тармағында көрсетілген дәрілік заттарды айналымнан шығаруға катысты тиісті шаралар жүргізсін және күнтізбелік үш күн ішінде Қазакстан Республикасы Денсаулык сактау министрлігі Фармация комитетіне осы шешімді орындауға катысты кабылданған шаралар туралы хабарласын.

            4. Осы бүйрыктың 1-тармағына сәйкес айналыстан алынып тасталуы тиіс аталған дәрілік заттары бар субъектілер ақпаратты алған сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде орналаскан жері бойынша Комитеттің аумактык бөлімшесіне осы шешімді орындауға қатысты кабылданған шаралар туралы хабарласын.

            5. Осы бұйрыктың орындалуын бакылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Фармацевтикалык инспекторат басқармасының басшысы Ж.К. Ордабековаға жүктелсін.

            6. Осы бұйрық кол койылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Қазакстан Республикасы Денсаулык сақтау және әлеуметтік

даму министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық максаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаудың ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 14.03.2017 жылғы № 1.1.2-15/И-4661.

Төрағаның міндетін атқарушы  Л.Пак

Прочитано 1838 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.