☃️Өткен жыл фармацевтика саласы үшін маңызды сынақтар мен маңызды шешімдердің уақыты болды. Ол нарықтың барлық қатысушыларынан жоғары кәсіби жауапкершілікті, икемділікті және өзгеруге дайын болуды талап етті. Бірлескен күш-жігердің, ашық диалогтың және дамуға деген ұмтылыстың арқасында біз саланың тұрақтылығын сақтап, реттеуді жетілдіру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасын арттыру және пациенттердің сенімін нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыра алдық.
🥇Жаңа жылда Сіздерге зор денсаулық, кәсіби сенімділік, тұрақтылық және өркендеу үшін жаңа мүмкіндіктер тілейміз. 2026 жыл жобаларды табысты іске асыруға, отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуға, инновацияларды енгізуге және Қазақстан халқының денсаулығы үшін әріптестікті нығайтуға ықпал етсін.
🚀Жемісті ынтымақтастығымыз, фармацевтикалық қызметті дамытуға қосқан үлесі және ортақ іске жұмыла атсалысқандарыңызға алғыс айтамыз. Жаңа жыл жасампаздық, жауапкершілік және сенімді алға жылжу жылы болсын.
🎄Құрметпен, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы.